Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 22-23 шілде аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Иманов көшесінің «Ақбұлақ» көпірінен А.Жұбанов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген көлік басқармасының хабарламасында.