• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 22 Шілде, 2021

Қазақстан қай елге қанша қарыз?

2533 рет
көрсетілді

Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр. Бір жылда ол 11 млрд долларға көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, бүгінде еліміздің шетке берешегі 164,1 млрд долларға жеткен. 2020 жылы көрсеткіш 152 млрд доллар шамасында болды.

Енді осы борышты мемлекеттерге бөліп қарасақ, Қазақстан Нидерландқа – 44,3 млрд доллар, Британияға – 22,6 млрд, Америка Құрама Штаттарына 13 жарым млрд доллар берешек.

Бұдан бөлек Бермуд аралдарынан алған қарыз көлемі биыл – 31,1 процентке, халықаралық ұйымдардан – 17,3 процентке, Ресей мен Франциядан алған қарыз 5,7 және 2, 6 процентке өскен.