Қазақстан Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан АҚШ-қа жұмыс сапары барысында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақ үй, Мемлекеттік департамент және АҚШ Конгресі басшылығымен өткен кездесулер барысында күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер, соның ішінде кеңейтілген стратегиялық әріптестікті, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары, жаһандық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды.
«С5+1» диалогы шеңберіндегі өңірлік өзара іс-қимылды нығайту мәселелері ерекше назарға алынды.
Америкалық тарап Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалап, олардың іс жүзінде іске асырылуына жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған іс-шараларды өткізу жоспарлары талқыланды.