Қаржы мониторингтік агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі азаматтың бас бостандығы 2 жылға шектелді. Енді олар 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аумақтық департамент қызметкерлері Атырау қаласындағы бильярд клубының ғимаратында заңсыз ойын бизнесін сәйкес лицензиясыз ұйымдастыру дерегінің жолын кесті. Атырау қаласының екі тұрғыны заңсыз құмар ойындарын ұйымдастыру мақсатында «Бомонд» бильярд клубының «VIP» кабинасын пайдаланған. Тексеру кезінде 600-ге жуық ойын карталары мен покер фишкалары тәркіленді. Ұйымдастырушылар қоғамдық жұмыстарға 100 сағатқа тартыла отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.