• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Шілде, 2021

Елордада эпиджағдай қиындап барады

226 рет
көрсетілді

Елордада соңғы бір аптада коронавирус инфекциясын күн сайын 1200-ден 1500-ге дейін адам жұқтырғаны анықталуда. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған 1200-1500 науқас тіркеледі. Соңғы аптада COVID-19 инфекциясының 9934 оқиғасы тіркелді, бұл алдыңғы аптадан 37,5%-ға жоғары», деді елорданың санитарлық дәрігерінің орынбасары.

Оның айтуынша, науқастардың 80,6%-ы – ересектер, 16,6%-ы – балалар, 2,7%-ы – жасөспірімдер.

Эпидемиологтар КВИ ауруының күрт өсуіне «дельта» штамының таралуы себеп болып отырғанын жеткізді. «Дельта» індеттің жылдам таралуына әсер етіп, науқасты өте ауыр күйге түсіреді.

«Сондай-ақ науқастардың өсуіне жазғы демалыс та себеп болып отыр. Жұрт ел ішінде емін-еркін қатынап жүр. Маска режимін, адам көп жиналатын орындарда қорғаныс талаптарын елемейді», деп толықтырды Жанна Пірәлиева.