• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2021

Түркістан облысында тағы бір үшем дүниеге келді

289 рет
көрсетілді

Жетісай ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті әкімдікке сілтеме жасап.

34 жастағы Аягөз Қарымсақова № 2 Облыстық перениталдық орталығында екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Жаңа туған нәрестелерге Ернұр, Айнұр, Балнұр есімі берілді. Сәбилер 37 аптасында дүние есігін ашқан. Білікті дәрігерлердің арқасында шақалақтар мен анасының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Үшемдер 23 шілде перениталдық орталықтан шығады деп жоспарлануда.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Әкесі мектепте тарих пәнінен, анасы физика пәнінен сабақ береді.