• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2021

Қарағандыда белгісіз біреулер жасөспірімді пышақтамақ болған

577 рет
көрсетілді

Қарағандыда екі ер адам жасөспірімге шабуыл жасады. Төбелес өрбіген кезде масайған адамдар баланы пышақпен жарақаттаған. Бұл туралы жәбірленушінің анасы «Вечерняя Караганда» Telegram-арнасына жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды тұрғыны Айсұлу Матаева «Вечерняя Караганда» Telegram-арнасына Михайловкадағы «Стекляшка» аялдамасында автобус күтіп тұрған баласына мас күйіндегі екі ер адам жақындағанын жазды. Олар өздерін әдепсіз ұстап, жандарынан өтіп бара жатқан адамдарды балағаттаған.

16 жасар Темірлан олардан тыныштық сақтауды өтінген кезде ер адамдар бұған назар аударып, «Сен кімсің? Біздің кім екенімізді білесің бе?» деген сөздермен баланы қорқыта бастайды.

«Олар өздерін «беделді авториттер» деп атаған сәтте ұлым ешкімді білмейтінін айтты. Содан кейін төбелес басталды. Өтіп жатқан адамдар болса оларды ажыратып алуға батылдары бармады!», деп ренішін білдірді Темірланның анасы.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға барысында ешкім айтарлықтай жарақат алған жоқ. Алайда, Айсұлу Матаева төбелес кезінде ұлына үш пышақ жарақаты салынғаны туралы айтты. Бірінші соққы - басына, екіншісі - кеудеге, үшіншісі - қолға түсті.

Оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген куәгер кадр сыртында біреудің «пышағыңды лақтыр» деп айқайлағанын естіген.

«Осыдан кейін менің балам ауруханаға жеткізіліп, жарақаттанған қолына тігіс салынды», деп жазды баланың анасы Instagram-да жазды.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдіктілер анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде», деп түсіндірді Қарағанды полиция қызметкерлері.