Таразда Мерседес жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
20 шілде күні сағат 21:40-та Төле би және Ұлбике ақын көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz CLS-350 автокөлігінің жүргізушісі жолда жүріп келе жатқан велосипедшіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес аталған қылмыстық істің мән-жайы жария етуге жатпайды.