• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Шілде, 2021

Қашар кенішінде бұрғылау машинисі қаза тапты

715 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға бүгін таңғы 04:30-да болған. Қашардағы бұрғылау жұмыстары кезінде кеніштің кемері опырылып кетіп, бұрғылау қондырғысының машинисін басып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қашар кені» АҚ кен өндіру цехының бұрығылау жұмыстарының учаскесіндегі Қашар карьерінің солтүстік ернеуіндегі 30 метр деңгей жиегінде №105 бұрғылау білдегін шығыңқы пульттен басқарып отырған  машинист опырылу қаупі бар призма аймағына кірген. Осы сәтте кемер массивінің борпылдақ бөлігі маманмен бірге құлаған. Бұрғылау қондырғысының машинисі опырылып кеткен тау сілемінен қаза тапты. «Қашар кені» ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді «Сарыбай-Соколов кен байыту өндірістік бірлестігінің» корпоративтік коммуникациялар қызметі. 

 

Қостанай облысы