Токио Олимпиадасындағы Қазақстандық таеквондошылар Жансель Дениз бен Руслан Жапаровтың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі спортшы да жарысты 27 шілдеде бастайды.
67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жансель Дениз өзбекстандық Светлана Осиповамен күреске шығады. Ал 80 келіден жоғары салмақта Руслан Жапаров германиялық Александр Бахманмен жүлдеге таласатын болады.