• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2021

Қызметкерлер қан тапсырды

432 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті ОВ-156/1 мекемесі қызметкерлері короновирустан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін Қан орталығына барып қан тапсырды.

Халықаралық зерттеулерге сенсек, бір рет қан өткізсеңіз, орта есеппен үш адамға көмек көрсетеді екенсіз. Сондай-ақ, мамандардың пікірінше, ұдайы қан өткізіп жүрген адам өз өмірін 5-7 жылға ұзартады.

​ – Донор болу, еліміздегі әр азаматтың парызы деп білеміз. Мекеменің қызметкерлері тығыз жұмыс уақытына қарамастан, қан қажет етіп жатқан науқастарға көмектескілері келді, – дейді тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі, әділет аға лейтенанты Аслан Рақышев.