Бүгін, 23 шілде күні, Жапония астанасы Токиода жанкүйерлер асыға күткен XXXII жазғы Олимпиада ойындарын басталады. Бір жылға кейінге шегерілген 2020 жылғы Олимпиада ұйымдстыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония билігінің талап-ережелеріне сай өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Olympic.kz Олмпиаданың алғашқы күніндегі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.
Нұр-Сұлтан және Токио қалаларындағы уақыт айырмашылығы +3 сағатқа тең. Ойынның алғашқы жарыс күнінде садақ атудан үш қазақстандық спортшы және академиялық есуден Қазақстан командасының өкілі іріктеу кезеңін бастайды.
#TeamKZ мүшелерінің жарыс кестесі, Нұр-Сұлтан уақытымен:
Садақ ату. Ерлер:
Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин.
Басталуы: 10:00.
Академиялық есу, іріктеу:
Владислав Яковлев
Басталуы: 5:30
Токио Олимпиадасында әлемнің 200 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық спортшы спорттың 33 түрінен бақ сынайды. Атлеттер жалпы есебі 339 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 17:00-де басталады.