• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Шілде, 2021

Олимпиада ойындары Қазақстан арналарынан көрсетіле ме?

568 рет
көрсетілді

Токио Олимпиадасын Қазақстан телеарналары арқылы тікелей эфирден көрсету мәселесі бойынша келіссөз әлі жүріп жатыр. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дәл қазір сіз екеуміз сұхбаттасып отырған сәтте Жапонияда Олимпиада көрсетілімін ұйымдастыру құқығына ие тараппен келіссөз жүріп жатыр. Көрсетілім құқығын сатып алу мүмкіндігі әлі бар деген ойдамын. Үкімет азаматтарымыздың өз спортшыларына тікелей эфирде жанкүйер болуы үшін бәрін жасайды. Бір ғана проблема бар және ол тек бағаға байланысты. Бүгінге дейін бізге тым қымбат баға ұсынылған болатын. Оның үстіне бұл жағдай ылғи, жылдан-жылға қайталанып отыр. Қазақстанға кейбір көрші елдерге қарағанда ондаған есе қымбат баға ұсынылып келді. Мұны еліміздің экономикалық даму деңгейімен байланыстырады», деген Дәурен Абаев соңғы келіссөз нәтижесінде көрсетілім бағасы бастапқыдан арзандай бастағанын айтты.

«Әрине, бізді халықты спорт мерекесінен айыратын болды деп айыптап жатқан шығар. Бірақ мұндағы жалғыз себеп - салық төлеушілердің ақшасын үнемдеп қалу ниеті ғана. Коммерциялық құпияға байланысты әзірге бағаны атай алмаймын. Бірақ бастапқы айтылған тарифке қарағанда түсіп келеді. Келіссөз жүріп жатыр. Жуық арада мәселе күн тәртібінен алынады деп ойлаймын», деді Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.