• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2014

«Бесоба» орнына «Шапағат» бой көтерді

345 рет
көрсетілді

Бұдан бір жыл бұрын Қара­ған­дыдағы « Бесоба» тұрғын үй кешенінде орын алған жайсыз жағдай бүгінде ұмытылуға айналды. Осындағы құлап қалған бес қабатты үйдің орнына жаңадан тұрғызылған мекенжай бой көтеріп үлгерді.

Бұдан бір жыл бұрын Қара­ған­дыдағы « Бесоба» тұрғын үй кешенінде орын алған жайсыз жағдай бүгінде ұмытылуға айналды. Осындағы құлап қалған бес қабатты үйдің орнына жаңадан тұрғызылған мекенжай бой көтеріп үлгерді.  Бұрынғысынан апат алдында амалсыздан­ уа­қыт­ша жатақханаларға қоныс­тан­дырылған тұрғындардың бірқатары бұл күнде қайта оралып, баспаналы болып жатыр. Алғаш келіп қоныс тепкен Қалкен Ержановтың, Айнұр Тәжібаеваның отбасыларына берілгендей 294 пәтер дайын тұр.

 Ащы оқиға сабақсыз қалған жоқ. Үйдің сапалы салынуына баса көңіл бөлінді. Табаны мен іргетасы берік қаланып, монолиттік каркастан құйылды. Құрылыс барысында жұмыстың барлық ережелері сақталуы ұдайы назарда ұсталды. Үйді пайдалануға алуға мемлекеттік қабылдау комиссиясы тарапынан да талап жоғары болды.

Қазір «Шапағат» аталатын осы шағын ауданда жаңа тұрғын үй кешені күннен-күнге сап түзей түсуде. Қаланың бас көшесі – Республика даңғылы бойындағы қыратта қанат жайған үйлер тұрғындарына барлық әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалған ол өз алдына бөлек қалашыққа айналғалы тұр.

«Мейірім барда мұң жоқ» дейді халық даналығы. Осы бір сөз мәніне қоныстанушылар тікелей көз жеткізіп, көңілдеріне қуаныш нұры құйылуда.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

 

Соңғы жаңалықтар