• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 23 Шілде, 2021

Токио олимпиадасы: садақ атудан іріктеу аяқталды

409 рет
көрсетілді

Бүгін Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі басталды, деп жазады  Egemen.kz  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

70 метрден нысана көздеу бәсекесінде ел намысын Денис Ганькин, Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин қорғады.

Қазақстан құрамасының спортшылары Нидерландының Хертогенбос қаласында өткен Әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасын иеленген еді. 

Олардың іріктеу кезеңіндегі нәтижесі:

9-орын - Денис Ганькин (669 ұпай)

27-орын - Ильфат Абдуллин (657 ұпай)

52-орын Санжар Мұсаев (647 ұпай)

Ал жалпы есепте: 1-орын - Ким Дже Док (688 ұпай);

2-орын - Брэди Эллисон (682 ұпай);

Айта кетейік, садақ ату спортының бұл бағдарламасында Олимпиада рекордын оңтүстік кореялық Ким Уджин 2016 жылы 5 тамызда Рио-де-Жанейро қаласында тіркеген (700 ұпай). Ал Әлем рекорды америкалық Брэди Эллисонға тиесілі. Ол 2019 жылы 7 тамызда Перу астанасы Лимада өткен чемпионатта 702 ұпай жинаған.