• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 23 Шілде, 2021

Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетілетін болды

843 рет
көрсетілді

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөздер нәтижелі аяқталды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді.⠀Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.⠀Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.⠀Телеарналардағы Олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.

Соңғы жаңалықтар