Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтында болған оқиғаға Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz минситрліктің телеграм аранасына сілтеме жасап.
«2021 жылғы 20 шілдеде Құрлық әскерлерінің Әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік сабақтары барысында курсанттардың бірі қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шараларын бұзу себебінен оқ атылды.
Оқ басқа курсанттың аяғына тиген. Зардап шегуші жедел түрде Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілді. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Оқиғадан ата-аналары хабардар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде», делінген хабарламада.