Эквадордағы екі түрмедегі тәртіпсіздіктен 21 қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Үш полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары арнайы жасақтың қолдауымен Гуаяс пен Котопакси провинцияларындағы екі түрмеде бақылауды бірнеше сағаттан кейін ғана қалпына келтірген.
Оқиға кезінде түрмеден қашқан 61 тұтқын қайта қамалды. Қашып кеткендер де бар.