• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Шілде, 2021

Алексей Цой өз еркімен отставкаға кете ме?

5849 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз еркімен отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өкінішке қарай, пандемия жаппай барлығына ықпал етіп жатыр. Министрліктің де бар күші коронавирус инфекциясымен күреске бағытталған. Бүкіл қызметкерлеріміз іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істеуде. Егер еліміздің басшылығы басқа мамандарды тартуды дұрыс деп ұйғарса, біз әрдайым дайынбыз. Қазір біз тікелей жұмысымызға кірісіп кеттік, басқасына уақыт жоқ. Біз азаматтарымызды құтқарумен айналысып жатырмыз», деп жауап берді Алексей Цой.