• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Шілде, 2021

Елордада 26 шілдеден бастап жаңа автобус жүреді

1252 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында 26 шілдеден бастап жаңадан № 30 қалалық бағдар іске қосылады. Ол «Өндіріс» – GreenLine» бағытында қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Өндіріс» тұрғын алабы тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа №30 қалалық бағдар іске қосылатынын хабарлаймыз. Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Бағдардың жүрісін 2GIS қосымшасында нақты уақыт режимінде қадағалау 1 тамыздан бастап мүмкін болады», деп жазылған әкімдік хабарламасында.