• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 23 Шілде, 2021

Токио олимпиадасының алауы жағылды

518 рет
көрсетілді

Жапон императоры Нарухито Токио олимпиадасын ашық деп жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Алау Фудзияма тауының аренадағы кішкентай көшірмесінде жағылды. Оны теннисші Наоми Осака жақты. Ұйымдастыру комитеті алауды тұтататын адамды соңына дейін жасырған еді.

Олимпиада туын әр құрлықтың адамы мен босқындар командасының өкілі кіргізді. Олар туды пандемия кезінде еңбек еткен әлеуметтік сала қызметкерлеріне табыстады. Бұл пандемиянің символикалық көрінісі. Кейін туды әскерилер алып, тұғырға көтерді. Олимпиада әнұраны шырқалды. 

Биыл олимпиадаға 12500 спортшы қатысады. Оның 49%-ы әйелдер. Жарыс 47 спорт алаңында өтеді.

127 жыл бойы олимпиада ұраны болып келген «Жылдамырақ, биігірек, күштірек» сөзіне енді «бірге» сөзі қосылды.

Фотолар sports.ru және insidethegames.biz сайтынан