• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Шілде, 2021

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

2830 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Облыс әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жаңадан тағайындалды деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Меңдіғалиев Темірхан Жалғасұлы тағайындалды» делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жаңа орынбасар 1973 жылы туған, осы облыстың тумасы. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу автомобиль-жол институтын «инженер», «инженер-механик» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Орал қаласындағы «Металлист» зауытында – токарь, «Оралавтожол» кәсіпорында бас жетекші, бас маман, «Қазақавтожол» РМКК Батыс Қазақстан облыстық филиалының бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасында жауапты қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының орынбасары, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ БасқармаТөрағасының орынбасары болған. 2020 жылдан Оралға келгенге дейін «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК мемлекеттік есепке алу департаментінің директоры қызметін атқарған.

Сондай-ақ бүгін 2019 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Манкеев Мұхтардың «басқа қызметке ауысуына байланысты» лауазымынан босағаны хабарланды. Кейбір деректерге қарағанда ол Нұр-Сұлтан қаласына, Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қорына ауысқан.