Жапонияның астанасы Токиода осы жаздың көптен күткен оқиғалардың бірі - XXXII Олимпиада ойындары басталды. Бір жылға кейінге қалдырылған Олимпиада ОИ-2020 Ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық Олимпиада комитетінің және Жапония Үкіметінің талаптары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
24 шілде күні Токиода спорттың жеті түрінен 13 қазақстандық атлет сынға түседі. Төменде #teamKZ мүшелерінің жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген:
Велоспорт, топтық жарыс: Дмитрий Груздев, Алексей Луценко, Вадим Пронский.
Басталуы: 08:00.
Дзюдо: Ерлер (60 келі), әйелдер (48 келі) Елдос Сметов, Отгонцецэг Галбадрах.
Басталуы: 08:00.
Теннис: Ерлер мен әйелдер, жекелей сын: Александр Бублик, Зарина Диас, Елена Рыбакина.
Басталуы: 08:00.
Теннис: Ерлер, жұптық сын: Александр Бублик / Андрей Голубев.
Басталуы: 08:00.
Бокс: Ерлер (57 кг) Серік Теміржанов.
Басталуы: 09:18.
Спорттық гимнастика: Милад Карими.
Басталуы: 11:30.
Жүзу: Дмитрий Баландин.
Басталуы: 17:35.
Үстел теннисі, әйелдер: Анастасия Лаврова.
Басталуы: 18:00.