• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 24 Шілде, 2021

Елдос Сметов жартылай финалға жолдама алды

298 рет
көрсетілді

Токиодағы Олимпиада ойныдарында 60 келі салмақта бақ сынаған дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады. Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңіп шықты. 

Айта кетсек, Қазақстандық дзюдошы екінші белдесуін де жеңіспен аяқтады.

Елдос Сметов ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джиннен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.