• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2021

Атырауда іздеуде жүрген жасөспірім бөтеннің көлігін ұрлаған

487 рет
көрсетілді

Бөтеннің көлігін ұрлаған жасөспірімге 10 күн бұрын іздеу жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның кезекші бөліміне Атырау қаласының 39 жастағы тұрғыны үй ауласында тұрған көліктің ұрланғаны туралы шағым түсірген.

«Осыған байланысты полицейлер жедел-іздестіру жұмысын жүргізіп, ұрланған көлікті Исатай ауданынан тапты. Көлік ұрлығына күдікті 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Он күн бұрын үйінен шығып кетіп, оралмаған жасөспірім ұрланған көлікпен саяхат жасамақ болғанын мойындады. Автокөлік иесіне қайтарылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.