• RUB:
    4.94
  • USD:
    442.85
  • EUR:
    480.32
Басты сайтқа өту
Білім 24 Шілде, 2021

БҒМ мемлекеттік грант үміткерлеріне үндеу жасады

231 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында мемлекеттік грант тағайындау конкурсына қатысатын үміткерлерге арналған үндеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысушылар!

App.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетіңізден (ҰБТ-ға тіркелген кездегі логин/құпиясөзді енгізу арқылы) грантқа қатысу өтінішіңіздің мәртебесін көре аласыздар. Таңдалған жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының топтары (халықаралық сертификаттардың ескерілуі, квоталардың қарастырылуы, басым құқық иегері категориясының белгіленуі бар болған жағдайда) сынды ақпаратты көруге болады. Ақпарат шықпаған жағдайда құжат қабылдайтын ЖОО ретінде таңдаған оқу орнына хабарласуыңызға болады», делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетсек, биыл білім грантын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш келіп түскен.