Дзюдодан Токио Олимпиадасындағы екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшысы Ерлан Серікжанов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Серікжанов әлемдік рейтингте екінші орында тұрған италиялық Мануэль Ломбардомен белдескен болатын.
Негізгі уақыттың аяқталуына 12 секунд қалғанда италиялық балуан «ваззари» ұпайын еншілеп, Серікжанов жарыс жолынан шығып қалды.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы жүлдеден үмітін үзді.