• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 25 Шілде, 2021

Александр Куликов Олимпиаданың жартылай финалына өтті

220 рет
көрсетілді

Токио Олимпиадасында слаломды есуден іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша, қазақстандық Александр Куликов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, Куликов 108.12 көрсеткішімен 15-ші орын алды. Осылайша, Александр Куликов жартылай финалға өткен 15 спортшының қатарына енді. 

Куликов іріктеуден соң көш бастап тұрған словакиялық Матиж Бенустан 10.54 секунд артта қалды.