• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2021

Жасөспірімдер арасындағы төбелес 12 жасар баланың өмірін қиды

1523 рет
көрсетілді

Теміртауда төбелес шығарған жасөспірімдердің біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz «Патриот» Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Кеше Теміртауда қара жейде киген бала өзін қорғап, көк жейдедегі баланы жұдырығымен құлақ тұсына ұрды. Бұл соққы баланың өліміне әкелді. Бала жерге отырып, есінен танып қалған. Баланы ауруханаға жеткізген сәтте дәрігерлер оның көз жұмғанын анықтады. Ол небәрі 12 жаста еді. Туған-туыстарына көңіл айтамыз», деп жазды «Патриот» Telegram арнасы.

Балалар төбелесін ауладағы бейнекамера түсірді.

Кадрларда бала жерге құлаған кезде, қасындағы балалар ересектерді шақыруға жүгіргені көрінеді. Көмекке бірінші болып ер адам жүгіріп келді. Олар балаға жасанды тыныс пен жүрек массажын жасай бастады. Бірақ бала есін жинай алмады.

Бейнематериал полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

«Кеше, 24 шілдеде Теміртауда балалар төбелесі салдарынан бала көз жұмды. Ол 13 жасар баламен Теміртаудағы үйлердің бірінің ауласында жанжал шығарған. Жанжал кезінде 13 жасар бала оның басынан бір ұрды. ҚР ҚК 104-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деді Қарағанды облысы полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы Рустам Құлкеев.