• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 26 Шілде, 2021

Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

163 рет
көрсетілді

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарын сәтті жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда Швеция өкілі Ребекка Петерсонмен кездесіп, екі сетке созылған матчта жерлесіміз 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Диас, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.