• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Шілде, 2021

Испанияда Луис Леон Санчес топ жарды

215 рет
көрсетілді

Пиреней түбегінде өткен велошабандоздардың «Классика Пруеба-Вильяфранка-де-Ордисия» жарысы Луис Леон Санчестің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Испанияның Мурсия өңірінде дүниеге келген Луис Леон 2004 жылдан бері кәсіпқойлар арасында бақ сынап жүр. Бұған дейін түрлі командалардың сапында болған ол 2015 жылдан бері «Астананың» сапында өнер көрсетуде. Сол кезден бері Санчес түрлі дүбірлі додаларда дараланып, қазақстандық жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. 

«Классика Пруеба-Вильяфранка-де-Ордисия» сайысында Санчес 165,7 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 51 минут 30 секундта жүріп өтті. «UAE-Team Emirates» клубының жейдесін киген оның отандасы Аюсо Хуан мәре сызығын екінші болып қиып өтті. Үшінші орында «Equipo Kern Pharma» командасының серкесі Адриа Роджер. Ол да Испанияның тумасы.