Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында бір табиғи және төрт дала өрті тіркелді, деп жазады Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы аумағы 142 гектарды құраған барлық дала өрті сөндірілді.
Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіруді жалғастырып жатыр. Болжам бойынша оның аумағы 4 000 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күштері мен құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдары және жергілікті тұрғындардан жалпы саны 229 адам мен 66 техника жұмылдырылды.
Елді мекендерге қауіп жоқ