• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 26 Шілде, 2021

Жансай үшін де Олимпиада ерте аяқталды

192 рет
көрсетілді

Дзюдодан 73 келіде сынға түскен Жансай Смағұлов үшін Токио Олимпиадасы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Смағұлов үшінші айналымда канадалық Артур Маргелидонмен кездескен болатын. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, жеңімпаздар қосымша уақытта анықталды. Бірінші болып «ваззари» ұпайын алған Канада өкілі келесі айналымға өтті.

Дзюдодан Қазақстан командасының еншісінде Елдос Сметов еншілеген жалғыз медаль бар. Кеше Ерлан Серікжанов (66 келі), бүгін Жансай Смағұлов (73 келі) жарысты ерте аяқтады.