Франция Парламенті медициналық қызметкерлерге, өрт сөндірушілерге және қарт адамдарға күтім жасайтын қызметкерлерге міндетті түрде COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұдан бөлек, санитариялық рұқсатнама жүйесі жұмыс істейтін болады. Вакцинациядан өту туралы анықтаманың немесе коронавирусқа тесттің теріс нәтижесінің немесе науқаста антиденелердің болуы туралы куәлік беріледі.
Ковид-рұқсатнама тамыз айынан бастап қолданысқа енгізіледі. Құжат кафелерде, мейрамханаларда, медициналық мекемелерде, алыс сапарларға жөнелтілетін ұшақтар мен пойыздарда ұсынылуы қажет.