• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2021

Батыс Қазақстан облысында ХҚО сенбіде жабылады

508 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсететін орталықтары бес күндік жұмыс аптасына өтеді. Бұл жергілікті санитар дәрігердің талабы бойынша жасалған өзгеріс деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 24 шілдедегі қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы қаулысына сәйкес Орал қалалық және облыстың аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдері мен Орал қаласындағы Мамандандырылған бөлім 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтетін болды.  

Жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері бұл бөлімдер жұмыс істемейді. Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды.

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді.

«Орталыққа келу үшін кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @egovkzbot2.0 телеграм-бот арқылы брондауға болады. Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, бізге келген кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз», делінген орталық таратқан ақпарат парағында.