Жол апаты 25 шілдеде болған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, ВАЗ 21115 жүргізушісі Ермаков көшесіндегі тұрақта артқа қарай жүрген кезде 71 жастағы әйелді қағып кеткен.
- Ер адам жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынған, ал зардап шеккен адам дәрігерлерге жүгінген. Тексеруден кейін әйел адам үйге жіберілді, - деді департаментте.Оқиға орнынан қашып кеткен облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны болып шықты. Полицейлер көлікті айып тұрағына жіберіп, сараптама тағайындады.ЖКО орнын қалдырған жүргізуші ҚР Әкімшілік кодексінің 611-бабының екінші бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Тәртіп бұзушыға 50 АЕК (145 850 теңге) айыппұл салынады немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Қандай жаза тағайындалатыны сотта шешіледі.