• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2021

Елімізде транзиттік контейнерлік тасымалдар 44%-ке артты

108 рет
көрсетілді

2021 жылдың 6 айында транзиттік қатынастағы контейнерлік тасымалдардың көлемі 530 мың ЖФЭ асты, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 44% артық. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов осындай мәліметтерді жария етті, деп жазады Egemen.kz.

Бүгінгі таңда COVID-19 пандемиясы әсерінен орын алған өзгерістерді ескере отырып, жүктерді «Есіктен есікке дейін» шартымен жеткізу тасымалдауды ұйымдастыруда маңызды тармаққа айналды. Жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша жүктерді жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі контейнерлік тасымалдау. 2013 жылы Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жариялағаннан кейін өзекті болған контейнерлік ағындар үшін күрес үрдісі жыл сайынғы өсімді көрсететін трансконтиненталдық тасымалдардың дамуына өз үлесін қосты. 

Ведомство өкілінің айтуынша, осыған байланысты соңғы жылдары транзиттік контейнерлік жүктер ағыны үшін күрес күшейтіліп, транзиттік дәліздердің тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. 

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша барлық қатынастарды ескере отырып, контейнерлік жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау көлемі 800 мыңнан астам ЖФЭ құрады. Өсім - 36%. Оның ішінде транзиттік контейнерлік тасымалдар 44%-ға ұлғайып, 530 мыңнан астам ЖФЭ құрады. Жыл соңына дейінгі жоспар – 1 млн ЖФЭ. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 1,6 млн ЖФЭ дейін жеткізу көзделген.