• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 26 Шілде, 2021

Атырауда Индер ауданының әкімі тағайындалды

1149 рет
көрсетілді

Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Салауат Өтеғұлұлы Өтеғұлов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салауат Өтеғұлов 1984 жылы Атырау облысының Индер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын экономист, 2015 жылы Батыс Қазақстан инжеренерлік-гуманитарлық универститетін заңгер мамандығымен бітірген.  

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасында бас маман болып бастаған. 2007-2019 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, кейіннен аталған басқармада бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Ал, 2019 жылғы шілдеден бері Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.