• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Шілде, 2021

Қазақстанда контейнерлер жеткілікті ме?

539 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осы секілді сұрақтар қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«KTZ Express» АҚ бас директоры Нұрлан Игембаевтың айтуынша, Қазақстанда контейнерлер жеткілікті.   

«Қазіргі кезде елімізде контейнерлеу бағдарламасы қолға алынған. ҚТЖ компаниясында 5 мыңға жуық контейнер бар. Олардың 56 пайызы қолданылуда және 44 пайызы кәсіпкерлерге беріледі. Осы бағытта жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Кәсіпкерлер контейнермен жүк жөнелтпек болса, біз олармен бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Бүгінде транзиттік контейнерлердің бәрі қайтарылуда, оны экспорттық жүкке қолдануда ешқандай қиындықтар жоқ. Контейнерлер жеткілікті. Министрлік тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр», деді компания басшысы.