• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 27 Шілде, 2021

Токио-2020: Дидар Хамза алғашқы белдесуде жеңілді

181 рет
көрсетілді

Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Токио Олимпиадасын екінші айналымнан аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дидар Хамза жарысқа екінші айналымнан қосылды. Ол әлем чемпионы, Моңғолия дзюдошысы Саид Моллаимен кездесті. Тәжірибелі қарсылас кездесу барысында әдіс жасап, иппон ұпайын еншіледі. 

Нәтижесінде, Дидар Хамза Токио Олимпиадасын алғашқы белдесуден аяқтады.