Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өңірдегі 2 922 орындық инфекциялық стационарларда 1 325 науқас емделіп жатыр.
«Инфекциялық стационарлардағы жүктеме 45,3%-ды құрап отыр. Ал, 114 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 78 науқас оқшауланған. Оның ішінде 10 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір мұндағы жүктеме 68,4%-ға жетті», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.