• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Шілде, 2021

Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмның астында көз жұмды

168 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 15.40-та ЖШС-нің  19 жастағы жұмысшысын құм басып қалған.

- Жігіт су құбырларын тартып жатқан, - дейді  ведомствода.

Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды.