• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 27 Шілде, 2021

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады

539 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 310 мыңнан астам өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл мерзім болашақ оқушылардың ата-аналары мектепті алдын-ала анықтап, қажет құжаттарды уақытылы тапсырып, балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуі үшін берілді. Ал мектеп әкімшілігі сыныптарды алдын ала жинақтау, оқулықтардың қажетті көлемін сатып алу, мұғалімдер арасында сағаттарды бөлу және сыныптар санына байланысты педагогтер құрамын анықтау бойынша жұмыстарды атқаратын болады. Осыған байланысты министрлік өтініштерді уақытылы берудің маңыздылығын еске салады.

«Біз құжаттарды қабылдау мерзімін ұзарттық. Енді құжаттарды қабылдау 4 айға созылады. Бұл ата-аналарға да, мектеп әкімшіліктеріне де оқу процесіне дайындықты алдын ала ойластыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 10 тамыздан кейін мектептерде дайындық тобы жұмысын бастайды, оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Майра Мелдебекова.

Өтініштерді қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Мектепке қабылдау үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (баланың денсаулық паспорты №026/у-3, №063/у нысаны бойынша медициналық анықтама); баланың көлемі 3х4 см цифрлық фотосуреті. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

«Қызыл» аймаққа енген өңірлерде тұратын ата-аналар медициналық анықтамаларды оқу жылының басталуына дейін ала алады.

Ведомствоның болжамы бойынша осы оқу жылында бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам оқушы барады.