• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Шілде, 2021

АҚШ Ирактан да әскерін әкетеді

161 рет
көрсетілді

АҚШ Ирактағы жауынгерлік миссиясын 31 желтоқсанға қарай аяқтайтын болды. Десе де жергілікті қауіпсіздік күштері мен күрд әскерін қалыптастыруға ықпал ете бермек. Кеше екі ел біріккен мәлімдеме жасап, стратегиялық диалог­тың қорытындысын хабарлады.

АҚШ тарапынан Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен Ирак сыртқы істер министрлігінің басшысы Фуад Хусейн алдағы жоспарларымен бөлісті. Тараптар АҚШ контингенті қолданған базалар Иракқа тиесілі екенін және сол елдің заңына сәйкес жұмыс істейтінін мәлімдеді. Ал халықаралық контингент Ирак үкіметін ДАИШ-пен күресте қолдау үшін шақырылған.

Техникалық кеңестерден кейін қос тарап қауіпсіздік саласындағы серіктестік жаңа форматқа көшетінін мәлімдеді. Енді ирактық әскерді АҚШ тарапы оқытып, тәжірибеден өткізіп, жаттықтыратын болады. Бұған қоса, барлау ақпаратын бөлісуге келісім берді.

Сонымен 2021 жылдың 31 желтоқ­санына қарай АҚШ әскері Ирак жерінен кетеді. 

Тағы айта кететіні, АҚШ үкіметі ирак­тық әскермен қатар күрдтердің жасағын дайындауға да қол ұшын бермек. Енді «пешмерг» өкілдері де АҚШ-тың оқу-жаттығуына қатысатын болады. Осылайша келешекте қауіпті күштермен ұрыс жүргізудің, стратегия дайындаудың қыр-сырымен таныспақ.