Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші «Мерседес» маркалы автокөлігімен Жібек жолы көшесімен келе жатып, көлікті басқара алмай қалған.
- Салдарынан бетон бағанға соғылып, аударылып кеткен. Бұған қоса, оқиға орнынан қашып кеткен. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі. Жүргізуші іздестірілуде, - деп жазылған хабарламада.