2021 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 564 кәсіпорнында 14,4 мың жұмыскердің алдында 3,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 64,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,2 млрд теңге төленді.