Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Павлодар қаласында арнайы-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс аумағында гашиш өткізді деген күдікті 30 және 36 жастағы екі ер адам ұсталды, деп жазады Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде барлығы 65 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 61 келіден астам есірткі құралдары алынды.