• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2021

Атырау облысында қарасора өртелді

306 рет
көрсетілді

Атыраулық шекарашылар 50 мың түп қарасора өсімдігін өртеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің Құрманғазы ауданындағы қызметкерлері Сафон ауылдық округінің аумағындағы 3 гектарға өсірілген есірткі алқабын анықтады.

«Есірткі алқабында 50 мың түп қарасора өсімдігі өсірілген. Бұл бейжай қарайтын жайт емес. Әсіресе, 20-35 жас аралығындағы жастардың есірткі өнімдеріне қызығушылық танытуы түйткілді мәселеге айналып отыр. Құрманғазы ауданында есірткі өнімдерін сатуға қатысты 6 қылмыс тіркелген. Сол себептен, есірткі өнімдерін тамырымен жойып, контрабандалық қылмыстардың алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді»,  дейді Шекара қызметі Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Өмірбат Айтәлі.