• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Шілде, 2021

Коронавирус: 2 мыңнан астам той тоқтатылды

189 рет
көрсетілді

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы кезінде полиция 2 мыңнан астам жиын-той анықтады. Бұл туралы ОҚК брифингінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Заппаровтың айтуынша, жыл басынан бері 144 мың рейд өткізілген.

Нәтижесінде карантин талабын бұзған 22 мың жағдай,  ойын-сауық мекемелерінің жұмысындағы 8,5 мыңға жуық заң бұзушылық, оның ішінде 2 мыңға жуық жиын-той ұйымдастыру фактісін тіркеді.