• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Шілде, 2021

Еліміздің мектептері Ashyq жүйесіне қосыла ма?

203 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылының басынан бастап мектептерде Ashyq қосымшасын пайдалану мүмкіндігі туралы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл жөніндегі мәселе пысықталуда. Балалар қыркүйектен бастап оффлайн оқуды бастайды делік. Әрине, бүгінде мектептерде оқитын балалардың саны айтарлықтай көп. Балалар инфекцияны мектептен жұқтырып, қасындағы адамдарға да таратуы мүмкін деген қорқынышымыз бар. Сондықтан бүгінгі таңда Ashyq жүйесіне мектептерді, мектепке дейінгі ұйымдарды, ЖОО-ларды қосу мәселесін қарастырудамыз», деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ, ол мұғалімдердің вакцинациясы мен смартфондардың қолданылуына тыйым салынған мектептер туралы сауалға жауап берді.

«Екпеге қарсы көрсетілімдері жоқ мұғалімдерден міндетті түрде вакцинация паспорты талап етілеті. Офлайн режимге көшу үшін мұғалімдер вакцинациялаудан өтуі керек. Сонымен қатар, Ashyq жобасы аясында бас дәрігердің қаулысына сәйкес, егер смартфон болмаса, адам өзінің ЖСН-ін атай алады. Осылайша, бақылауды жүзеге асыратын адам баланың ЖСН-і бойынша мәртебесін тексере алады. Бұл балалардың қауіпсіздігі», деп түйіндеді комитет басшысы.